Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім беруді ақпараттандыру және білім беру технологиялары проблемаларының халықаралық ғылыми зертханасының негізінде 2022 жылғы 4-11 сәуір аралығында математика, физика және информатика институтының магистранттары мен докторанттарына білім беруді ақпараттандыру саласындағы танымал ғалым, Білім беруді ақпараттандыру департаментінің бастығы, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» ЖБАО профессоры Вадим Гриншкун «Корона оқыту» динамикасы: шектеулер жағдайында оқыту тәсілдерін өзгерту» тақырыбында дәрістер өткізеді.
Сонымен қатар Вадим Валерьевич отандық кеңесшілермен біріге отырып, докторанттарға диссертация тақырыптары бойынша кеңес береді.