UI GeenMetric - Water (WR)
Су ресурстарын үнемді пайдалану
Университет төмендегі бағдарламаларды іске асыруда:
- Суды қайта өңдеу және жеткізу: Негізгі оқу қимараты алдында орналасқан, суды жинау резервуары негізінде жұмыс істейтін субұрқақ.
- Таза ауыз суға қолжетімділік: Негізгі ғимаратта орналасқан ауыз су фонтаны.
- Бірнеше рет қолдануға болатын термостар: Студенттер арасында бірнеше рет қолдануға болатын ыдыстарды насихаттау жұмыстары.
- Жаңбыр суын жинау: Әр түрлі мақсаттар үшін жаңбыр суын жинау.
- Су көздерін бақылау: Университет аумағындағы су көздерінің жағдайын зерттеу және су сапасына мониторинг жүргізу.
- Білім беру және хабардарлық: Студенттер мен қызметкерлер арасында су үнемдеу мен су ресурстарын қорғаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған бағдарламалар.
- Ағынды суларды басқару және қайта пайдалану бағдарламасы: Ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану жөніндегі бастамалар.
Қазақстанның тұщы су тапшылығына ұшырауын және трансшекаралық су саясаттарын ескере отырып, Abai University су ресурстарын үнемді пайдалану стратегиясына адалдығын көрсетеді және осы аспектінің тұрақты даму үшін маңыздылығын арттыруға ұмтылады.