2022 жылдың 6 мамырында «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және мәдени-ағартушылық бағыттары бойынша «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-2 курстың ерікті-студенттері Алматы қаласының «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығының мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандары үшін «Саябаққа серуен» қайырымдылық акциясын өткізді.
Шараны өткізудің әлеуметтік-педагогикалық міндеттері, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында табиғат аясында мәдени-ағартушылық түзету- дамыту ойындары кешенінде жүзеге асырылды. Мәдени-танымдық, мақсатты серуен қатысушыларды біріктірген әлеуметтік қарым-қатынас, (әңгімелер, өмір туралы рухты көтеретін өлеңдер мен әндер орындау, тыныш әдемі әуенге билеу немесе оны бірге тыңдау және т.б.) арт-терапиялық формаларын қолдану түрінде өткізілді. Әрбір арт-терапия әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың құндылықты бағдарларын игеруді қамтиды. Саябақтағы таза ауа, ағаштардың иісі шаршау мен күйзелісті азайтады. Ол мүгедектігі бар адам үшін демалудың белсенді түрі физикалық оңалтуға ықпал ететін психологиялық релаксация мен қалпына келтіру функциясына және үлкен гуманитарлық әлеуетке ие.
Шара соңында шығармашылық жұмыста анықталған белсенді топтарға жақсы тілектер айтылып, балмұздақтар үлестірілді. Студенттердің мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту және әлеуметтік интеграциялау жүйесіндегі еріктілік қызметінің нәтижесі олардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ету қабілетінде көрініс тапты. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтенуі олардың қоғамға кірігуінің негізгі құралы болып табылады.