Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның мүшесі, "«Акселератор добра: Izgilik Elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат алды. Оны Ақордада ҚР Мемлекеттік Хатшысы Ерлан Қарин мырза салтанатты түрде табыс етті.
Біз Айнұр Сәбитованы шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!