Тарих және құқық институтының «ÒZGEERtSEN» тобының еріктілері Алматыдағы «Асар» балалар қалашығында қайырымдылық акциясын өткізді. Олар балалардың сүйікті әндерін шырқап, түрлі ойындар мен сайыстар өткізді. Студенттер бұл мекеменің тәрбиеленушілерінің көңіл-күйлерін көтеріп, жүздеріне күлкі мен қуаныш сыйлады.
Мереке соңында әр балаға «Ертегілер» кітабы мен түрлі тәттілер табысталды. Балалар мен ұстаздар риза болып, акцияны ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді. Олар студент-еріктілерге жақсы оқу және қоғамдық жұмыста сәттілік тіледі.