2021 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру ғылымы және мұғалімдерді даярлау бойынша ЮНЕСКО кафедрасы оқытушылар мен студенттерге вебинар өткізді. Спикер - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры Майра Кабакова «Қазақстандағы Отбасы институты: қазіргі жағдайы мен мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Майра Победовна қоғамның ең өзекті мәселелерін атап өтті. Ол пандемия кезіндегі ажырасу статистикасы туралы айтып, неке мен қарым-қатынасты қалай сақтау керектігі туралы кеңес берді. Спикер барлық мұқтаж жандарға тегін кеңес беру туралы ақпарат берді. Қатысушылар отбасы мәселелерін қызығушылықпен тыңдап, талқылады, сондай-ақ сұрақтар қойылды. Вебинар соңында спикер Майра Кабакова университет басшылығына және ЮНЕСКО кафедрасына шақырғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қатысушыларға ЮНИСЕФ жобасы аясында психологиялық көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлады.