2022 жылғы 6 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институты «Биология» білім беру бағдарламаларының оқытушылары: Раушан Джунусова, Рита Саимова, Толғанай Алтынбек, Жазира Жарлықасынованың ұйымдастыруымен «6В01513 - Биология» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Тапқыр генетик» интеллектуалды сайыс өткізілді.
Әділ-қазылар мүшелері - профессор Докторхан Айдарбаева, Микробиология және вирусология ғылыми институтының ғылыми қызметкері Эльмира Анаркулова, Жаратылыстану және география институтының ғылым, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Махаббат Аманбаева өз әділ бағаларын берді.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1) Тесттілік сайыс Quizizz.
2) Ситуациялық, сұрақтарға жауап беру,
3) Деңгейлік генетикалық есептерді шығару,
4) Постер қорғау (Заманауи генетиканың жетістіктері),
5) Білім мен ғылымды ұштастыру (эксперимент).