2022 жылдың 9 наурызында «Аюсай» сапар орталығының коворкингінде «6В111103-Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» және «6В111101-Туризм» мамандығының 3 курс студенттеріне «Ұлттық парктің құндылығы және экотуризмге қажеттілік» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Студенттерге тұрақты экотуризм дегеніміз не, оның мәні неде және эко-маршруттарды қалай дұрыс құру керектігі айтылды. Эко кемпингтер мен глэмпингтерді қалай жобалау керек және визит орталығының аумағында «Tau-tas» кемпингтері бойынша экскурсия өткізді. Спикер ретінде «Аюсай» визит орталығының гид-экскурсоводы және «Tau-tas» кемпинг менеджері сөз сөйледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар Жаратылыстану және география институтының «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламаларының оқытушылары А. Н. Бекен мен Р. Б. Құдебаев болды.