Педагог-ұйымдастырушысы және бастапқы әскери дайындық кафедрасы тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралар жоспарын тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар орталығының жоспарына сәйкес 12 бағыттан тұратын мазмұнда жасалған. Кафедрада тәрбие жұмысы бойынша жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - студент жастардың болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуына қажетті адамгершілік - рухани құндылық сапалары мен қасиеттерін дамыту, олардың патриоттық, ақыл-ой интелектуалды даму деңгейлерін арттыру, жан-жақты дамыған студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары: Ұлттық сана, әлеуметтік қолдау; Рухани-адамгершілік тәрбие, патриоттық тәрбие; Дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, экологиялық тәрбие.
Қазақстандық патриотизм қалыптастыру бағыты бойынша: Б.Момышұлын еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастыру, Ұлы Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары бойынша институттағы мүгедек, жетім, жартылай жетім және көпбалалы отбасынан шыққан студенттер мен белсенді студенттерге университет тарапынан жеңілдіктер жасалынып, материалдық көмек көрсетіледі.
Студенттер арасында діни сауаттылықты көтеру және экстремизм мен лаңкестіктің алдын-алу шаралары бойынша институт аумағында дәстүрлі емес діндерді насихаттайтын әдебиеттерді таратуға, экстремистік пиғылдағы ұйымдардың уағыз жүргізулеріне жол бермеу мақсатында, кафедраның әрбір тәрбие жетекшісі ҚМДБ өкілдерінің, мешіт қызметкерлерінің қатысуымен өздеріне бекітілген топ студенттерімен рухани-адамгершілік тақырыбында әртүрлі әңгімелер, кездесулер, диспуттар өткізіп отырады.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫ БОЙЫНША ВИДЕО: http://www.kaznpu.kz/kz/video/
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ -2017 видео: http://www.kaznpu.kz/en/video/
СТУДЕНТТЕР ӨМІРІНІНЕН ТҮСІРІЛГЕН БЕЙНЕ РОЛИК / http://www.kaznpu.kz/ru/video/