Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, еркін күрес шебері 76 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жәмилә Бақбергенова Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан командасының спортшыларын жеңіп, финалға шықты. Жеңімпазымыз алдағы Париж-2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды. Спортшымызды және оның жаттықтырушыларын құттықтаймыз. Жаңа жеңістер тілейміз!