2023 жылғы 25 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің атынан төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған әріптестеріне марапаттарды университет ректоры Д. Билялов табыстады.
Отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан зор үлесі үшін марапатталғандар қатарында Физика кафедрасының профессоры К. Бисембаев пен университеттің қауымдастырылған профессоры Ж. Битибаева бар.
Құрметті әріптестер! Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл марапат – Сіздің жоғары кәсіби және адами қасиеттеріңіздің айқын дәлелі. Сізге алдағы уақытта да табысты өмірлік жол, армандарыңыздың орындалуын, биік мақсаттарыңыздың жүзеге асуын және еліміздің гүлденуі жолында жемісті ғылыми еңбек тілейміз!