2023 жылғы 30 қыркүйекте Педагогика және психология институтында арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ педагогтарды инклюзивті бағдарда даярлау» тақырыбында коучинг-семинар өтті.
Инклюзивті білім беру жағдайында педагог жұмысында кездесетін кедергілер мен қиындықтарды шешу жолдарын ұсыну мақсатында өткізілген коучинг-семинарға арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттары қатысты.
Іс-шараны арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі А. Н.Аутаева ашып, инклюзивті білім беру ортасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың психофизиологиялық және тұлғалық даму ерекшеліктерін білудің; оларды тәрбиелеу мен оқытудың, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, білім беру процесін психологиялық, педагогикалық және дидактикалық жобалау әдістерін меңгерудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында «8D01901-Арнайы педагогика» мамандығының 2 курс докторанты Г. Ержанова, 1 курс докторанттары Б.Саурыкова, Д.Оспанкулова баяндама жасап, келесі тақырыптар бойынша мәселелерді талқылады: ЖОО маман даярлауда «Инклюзивті білім беру» пәнінің мазмұны; Психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қызметінің тәртібі мен негізгі бағыттары; Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдері мен арнайы педагогтердің өзара бірлескен әрекеті.
Коучинг-семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты.