2023 жылдың 30 қыркүйегінде Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі С.Ж. Пралиевті еске алуға арналған «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларын даярлау» халықаралық педагогикалық форум өтті. Форумға көрнекті қазақстандық ғалымдар: академиктер М.Ж. Журинов, Т.И.Есполов, А.Е.Әбілқасымова, А.А. Сатыбалдин, профессор Б.А. Альмухаметов, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Үндістан, Қытай, Беларусь, Ресей ғалымдары қатысты.
Форум аясында ҚР ҰҒА академигі С. Ж. Пралиев атындағы конференц-залы ашылды.
Форумды Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ашып, ҚР ҒЖБМ вице-министрі Дархан Ахмет-Заки құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыстың соңында профессор Ш. Ж. Колумбаева «Үздік ғылыми жарияланым» конкурсының нәтижелерімен таныстырды. Конкурс нәтижесінде 70% және одан да жоғары түпнұсқалығы бар плагиатқа қарсы жүйеден өткен, тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық маңыздылығының негізділігі критерийлерін ескере отырып, 1 орын докторант Г. Сәрсенбаеваға, 2 орын докторант З. Бакироваға, 3 орын магистрант А. Нұрғазыға берілді.
Түскі үзілістен кейін бағдарламаға сәйкес Сорбонна-Қазақстан институтында, Математика, физика және информатика институтында, Жаратылыстану және география институтында, Педагогика және психология институтында бірнеше маңызды іс-шаралар өткізілді: панельдік пікірталас, дөңгелек үстел, зерттеу топтарының отырыстары, секциялық отырыстар, шеберлік сыныптары, жобалар конкурсы.
Форумға қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, өткізілген іс-шаралар бойынша оң пікірлерін білдірді.