2023 жылдың 10-13 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты директоратының ұйымдастыруымен 1-2 курс білім алушыларымен кездесу өткізілді.
Таныстыру жұмыстарының басты мақсаты студенттерге «Академиялық адалдық» кодексі - бұл білім алу үдерісінде білім алушылардың жеке адамгершілік қасиеттері, оның ішінде адалдығы мен білім алудағы жауапкершіліктерін дамытуға бағытталған құндылықтар мен қағидалар жиынтығы; студенттердің өздеріне берілген бағаланатын және баға қойылмайтын тапсырмаларды адал, әрі мұқият орындауы екенін түсіндіру.
Білім алушылар Академиялық адалдық сақтау ережелерімен таныстырылып, көкейлеріндегі толғандырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Кездесуде директорат қызметкерлері Г.М.Қасенғазы, И.М.Чажабаева, Ж.Д.Тулеумуратова, Ж.Жеткергенқызы оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша толыққанды ақпараттар беріп, кездесуді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т Ақжолова қорытындылады.