2023 жылдың 16 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен жатақхана мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шараға әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, ахуалдық орталықтың қызметкерлері, белсенді студенттер мен жатақхана меңгерушілері қатысты.
Кездесу барысында жатақханаларда тұру және оларға 1 курс студенттерін орналастыру ережелері, сондай-ақ жоспарланған түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы барлық ақпарат ұсынылды. Барлық қатысушыларға студенттердің жатақханада тұру ережелері жазылған парақшалар таратылып, жатақханамен қамтамасыз ету алгоритмі түсіндірілді.
Қазіргі уақытта барлық жатақханаларда ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.