2023 жылдың 27 ақпаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының студенттері Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Қарттар үйіне» барып қайтты. Институт көлемінде өткен акция бойынша жиналған қаржыға азық-түлік пен түрлі заттар сатып алынып, қарттар үйіндегі ата-әжелерге табыс етілді. Сонымен қатар, институттың өнерлі студенттері домбырада ойнап, гитарамен әсем ән салып, жақсы көңіл-күй сыйлап қайтты. Жастар қарияларымызға ыстық лебіздерін осылайша білдіріп қайтты. Акцияға қатысып, ниетін білдірген институттың профессор-оқытушылары мен студенттеріне көп рақмет! Осындай игі істеріміз көп бола берсін!