Ғылыми іссапар аясында профессор Марфуға Абсатова 2023 жылдың 22-28 наурыз аралығында Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің білім беру үрдісі мен ғылыми қызметіне қатысты. «Шақырылған дәріскер» бағдарламасы аясында «Оқытудың инновациялық әдістері мен формалары» тақырыбында бастауыш білім беру факультетінің 2,3,4 курс студенттеріне дәріс оқып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың пленарлық мәжілістерінде баяндама жасады. «Еуразиялық кеңістік: мемелекет аймақтарының мәдениаралық өзара әрекеттесуі» (24 наурыз), «Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау: мәселелер және перспективалары» (28 наурыз) іс-шараларында «Педагогикалық ЖОО ғылыми-білімдік коллаборациясы болашақ педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытудың факторы ретінде» және «Цифрлық білім беру жағдайында мұғалім даярлау» тақырыптарында баяндама жасады. «Цифрлық ресурстардың дидактикалық әлеуеті» тақырыбында БМПУ профессор-оқытушылар құрамына шеберлік сынып өткізді.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті қазақстандық ғалымның кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, аталмыш шараларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, университет ректорының атына сертификаттар мен алғыс хат табыс етті.