2023 жылғы 19-25 маусым аралығында Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Абай университетінің Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары Е.В.Рябова мен Л.А. Лебедева аталмыш оқу орнында болып қайтты.
«Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша Лариса Лебедева «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттеріне математиканы оқыту әдістемесі бойынша бірнеше дәрістер оқып, бастауыш білім берудің өзекті мәселелері бойынша магистранттарға кеңестер берді.
Сапар барысында Е.В.Рябова мен Л.А.Лебедева педагогикалық факультеттің деканы Ю.Ю.Гнездовскиймен, деканның орынбасары Н.С.Михайловамен, кафедра меңгерушісі И.И. Капалыгинамен және университеттің оқу бөлімінің өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары, студенттердің, магистранттардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» ББ бойынша қос дипломды білім беру мәселелерін талқылады.
Жұмыс аяқталған соң әрі қарай пысықтау және бекіту үшін «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» ББ жобасы әзірленді.