Отто фон Герикке университетінің (Германия) профессоры Альтенбах Холм (Altenbach Holm) Математика физика және информатика институты физика кафедрасының магистранттары мен докторанттарына дәріс беруде. Неміс ғалымы тыңдаушыларға "Basics of Mechanics of Deformable Bodies and Material Modeling" курсын ұсынды, оған институт білім алушылары қызығушылықпен қатысуда. Дәрістер мен семинарлар 2023 жылдың 22 қыркүйегі мен 19 қазаны аралығында өтеді. Сонымен қатар, профессор Альтенбах Х. диссертациялық зерттеулер жүргізу барысында алынған нәтижелер бойынша физика кафедрасының докторанттары мен магистранттарына кеңес береді.