Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары Шолпан Карбаева және Қалампыр Жұмағұлова Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын 2022 жылғы 18 қазан 235/30-22-24 келісім шартына сәйкес ЖТН АР14872059 «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы жоба бойынша Слупск қаласындағы (Польша) Поморск академиясында «Metodoloczne podstawy kszataltowania funkcjonalnej znajomosci nauk przyrodniczych studentow zgodnie z badaniami PISA» тақырыбындағы халықаралық семинарға және педагогикалық білім беруді жетілдіру бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасына қатысты.