Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында «Ниет» қайырымдылық қоры «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде, 560 970,06 теңге қаражат жиналды. Жоспарымыз әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыны азық-түлікпен, күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз ету болды. Бірақ сіз болып, біз болып жинаған қаражатымыздың көп жиналуына байланысты «Ниет» қайырымдылық қоры еріктілерімен 330970,06 теңгеге қажетті азық-түлік, керек заттарды алып, жағдайы төмен 10 отбасыға табыстадық. Әр отбасыға газына, көмір-суына 6000 теңгеден табыстадық. Сондай-ақ, Қасымбек ауылындағы жалдамалы пәтерде тұратын төрт баласы бар жалғызбасты ананың сегіз жасар ұлының еміне 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге қолма-қол ақшамен берілді. Диагнозы - гигрома.