2024 жылдың 15 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп спорттық сайыстың ашылу салтанатын ашып беріп, командаларға сәттілік тіледі. Бұл күні М.Әуезов атындағы спорт кешенінде арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, сондай-ақ спорттық эстафета бойынша қызықты әрі тартысты жарыстар өтті. Барлығы 8 команда қатысуда, олардың арасында Тарих және құқық институтының командасы, соның ішінде SDFAM оқытушылары да белсенді қатысуда.
Жыл сайынғы дәстүрлі спорттық іс-шара салауатты өмір салтын, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуды қамтамасыз ету үшін қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамның жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Үш күндік спорттық шара қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:
I орын - 400 000 теңге;
II орын - 300 000 теңге;
III орын - 200 000 теңге. «Үздік ойыншы» номинациясында - 15 000 теңге. «Үздік төреші» номинациясы - 15 000 теңге.
«Спартакиада-2024» 18 қаңтарға дейін жалғасады. Командаларға сәттілік пен жеңістер, сондай-ақ барлық профессор-оқытушылар құрамына жақсы көңіл-күй тілейміз!