2023 жылдың 5-11 қазаны аралығында қауымдастырылған профессорлар А.Н.Аутаева және С.С.Жақыпбекова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім беру іс-шараларына қатысу, білім беру саласында консультациялық қызметтер көрсету үшін Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтына (Өзбекстан) барды.
Бағдарлама Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Д. Ходжаеваның 2023 жылғы 1 қарашадағы шақыру хаты негізінде жүзеге асырылды. Бағдарламаны іске асыру барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Арнайы педагогика» кафедрасы мен Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының «Сурдопедагогика. Инклюзивті білім беру», «Арнайы педагогика» кафедралары арасындағы әріптестік қатынастарды ұйымдастыру жағдайларын жетілдіру перспективалары талқыланды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының жоспарына сәйкес Мукими атындағы ҚМПИ бакалавриат бойынша «60112700-Арнайы педагогика: Сурдопедагогика», «60112700-Арнайы педагогика: Логопедия», «60112700-Арнайы педагогика: Инклюзивті білім беру» және магистратураның «70110401-Арнайы педагогика» ББ білім алушылары үшін А.Н.Аутаева мен С.С.Жақыпбекова түрлі курстар бойынша дәріс оқыды.
Академиялық ұтқырлық аясында және шетелдік жоғары білім және ғылым ұйымдарымен ынтымақтастықты жолға қою мақсатында өткен бағдарлама соңында Мукими атындағы ҚМПИ ректоры Д.Ходжаева А.Н.Аутаева мен С.С.Жақыпбековаға сертификаттар табыс етті.