Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс докторанты Гүлнар Атембаева шетелдік ғылыми кеңесшісі - ЭЖМ ҒЗУ профессоры Е.В.Казарцев жұмыс істейтін Экономика жоғары мектебінде (Ресей) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу тағылымдамасы аясында докторант ЭЖМ ҒЗУ әдебиет және лингвистика саласындағы жетекші ғалымдармен - профессор Е.В. Рахилина, А.В.Дыбо, Е.И.Зейфертпен кездесіп, олармен ғылыми ізденіс бағыттары мен перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, Гүлнар бірнеше маңызды іс-шараларға, атап айтқанда «Лингвистикалық форум 2023. Қол жетпейтін аймақтардағы тілдердің жұмыс істеуі: Арктика және басқа аймақтар» (Мәскеу, РҒА Тіл білімі институты) форумына, орыс ақыны, прозашы, аудармашы, әдебиеттанушы және журналист Елена Зейферт жүргізетін «Сөз ішіндегі әлем» әдеби үйірмесінің отырысы, профессор Е.В.Казарцев өткізген «Цифрлық гуманитарлық ғылымдар контекстіндегі өлең және проза» ғылыми-зерттеу семинарына қатысты; Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер жинау бойынша жұмыс жасады.