Абай университетінің студенттері Халықаралық несиелік ұтқырлық (ICM) аясындағы Erasmus+ бағдарламасының арқасында Еуропаның 12 жетекші университетінде білім алудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Erasmus+ - білім беру жүйелерін, кәсіптік оқытуды, жастар саясатын және спортты жаңғырту мен тұрақты дамытуды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың бастамасы. Абай университеті жыл сайын ынтымақтастық және ұтқырлық жобалары бойынша Erasmus+ конкурстарына қатысады.
Erasmus+ «Халықаралық несиелік ұтқырлық (ICM)» жобасы конкурсының қорытындысы бойынша Абай университеті Гранада университеті (Испания), Лилль университеті (Франция), Пуатье университеті (Франция), Палацкий университеті (Чехия) сияқты беделді университеттерді қоса алғанда, Еуропаның 12 жоғары оқу орнында білім алу гранттарына ие болды. QS халықаралық рейтингінде 134-ші орынды иеленген Италиядағы Сапиенца университеті ерекше атап өтуге тұрарлық.