2023 жыл Абай атындағы ҚазҰПУ үшін айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Осы кезеңде жетекші педагогикалық университетінің ғалымдары мен зерттеушілері ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында белсенді жұмыс атқарып, жаңа стандарттар белгіленіп, елеулі нәтижелер артығымен орындалды.
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің (НААР) Топ-50 үздіктер тізіміне Абай университетінің 5 профессоры енді, олар: В.Н.Косов, Е.Ә.Бөрібаев, Ж.А.Хамзина, А.С.Бердышев, А.К.Жармағанбетова, сондай-ақ 1 жас ғалым Е.Тілеуберді.
Абай университетінің Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығы дайындаған «Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының авторлары Шерубай Құрманбайұлы, Жансейіт Түймебаев, Байынкөл Қалиев және Сабира Исакова гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін берілетін Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа ие болды. Жоғары оқу орнының үш ғалымы PhD докторлар Қымбат Бекенаева, Думан Әлиасқаров және профессор Болат Жұмағұлов «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023» атағына ие болды. Сондай-ақ, университеттің 20 ғалымы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында шетелдегі жетекші университеттер мен ғылыми-өндірістік орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту бойынша грант иегерлері атанды.
Осы жылы профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері Scopus (211) және Web of Science (100) индекстелген шетелдік журналдарда 300-ден астам ғылыми мақала жариялады. Айта кету керек, Q1, Q2 жоғары рейтингті журналдардағы басылымдардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті.
2023 жылы Абай университеті республикалық бюджеттен 61 ғылыми-зерттеу жобасы табысты іске асырылуда, оның ішінде ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырудың 56 ғылыми-зерттеу жобасы, бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың 4 жобасы және коммерцияландырудың 1 жобасы. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 74%-ға өсті, өйткені 2022 жылы жобалар саны 35 болған. Жобалардың негізгі бағыттары «Білім және ғылым» және «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» болып табылады.
Университет әрдайым профессор-оқытушылар мен жас ғалымдарды қолдап, олардың болашақ идеяларын дамытуға өз бюджетінен қаражат бөледі. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, профессор-оқытушылар және қызметкерлер үшін ішкі гранттар конкурстар өткізіледі. Сонымен қатар, Абай университеті елімізде алғашқылардың бірі болып постдокторантура бағдарламасын енгізді, қазіргі таңда оның қатысушыларының саны - 28 адамға жетті. 2023 жылы постдокторанттардың екінші легі ретінде - 7 талантты жас ғалым постдоктор дәрежесін алды.
Сонымен қатар Абай университеті ДААД, «Ашық Азия» қоры, «Erasmus+» сияқты шетелдік ұйымдар қаржыландыратын жобаларды да іске асыруда, бұл бағдарламалар білім алушылар үшін білім мен тәжірибе алмасудың жаңа көкжиегін кеңейтуде.
Қазір университетте 9 ғылыми-зерттеу зертханасы мен студенттерді ғылымның қызықты әлеміне тартатын STEM-парк жұмыс істейді. Абай университетінің 2023 жылғы жетісті