2023 жылғы 5 желтоқсанда «жасыл» дамуға бағдарланған UI GreenMetric 2023 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 1183 университет, оның ішінде 18-і Қазақстаннан қатысқан болатын. Қатысушылардың осындай кең өкілдігі - тұрақты даму мақсаттарына деген хабардарлық пен міндеттеменің артуының дәлелі.
Әлемдік біріншілік ауыл шаруашылығына, техникалық және инженерлік пәндерге басымдығымен өмір туралы ғылымдарға маманданған Нидерландыдағы Wageningen University & Research (WUR) университеті және ғылыми-зерттеу орталығына тиесілі.
Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бейілділігін көрсетіп, рейтингте 822-ші орынға тұрақтады, сәйкесінше, отандық жоғары оқу орындары арасында 10-шы орынға ие болды.
Рейтингті бағалау экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қызмет сынды үш тірекке негізделген, олар 6 көрсеткіш бойынша бағаланады: кампустың шарттары мен инфрақұрылымы; энергетика және климаттың өзгеруі; қалдықтарды басқару; суды пайдалану; транспорт; білім беру және зерттеу. Осы әдістемеге сәйкес, ТДМ және тұрақты транспорт саласындағы білім мен зерттеулері Абай университетінің ең жақсы көрсеткіштері болып табылады.
Айта кету керек, UI GreenMetric - әлемдегі алғашқы тұрақты басқарудың жоғары міндеттемесіне негізделген жоғары мектеп рейтингі ретінде белгілі Индонезия университетінің (UI) беделді және кеңінен танымал инновациясы.