Жаратылыстану және география институтының магистранты Мөлдір Кенжебаева ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасының ұсынысы бойынша Edu tourism for Unity ұйымдастырған Тұрақты даму лигасының (Sustainable Development League) жаһандық кездесуіне еліміздің атынан қатысты.
Бұл іс-шара «жасыл» болашақ үшін инновациялық шешімдерді насихаттау мақсатында миға шабуыл жасау және ынтымақтастық арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген ынталы көшбасшыларды біріктірді.
Тұрақты даму лигасы (Sustainable Development League) 2024 жылдың 26-29 қаңтары аралығында өтті. Онда Мөлдір Кенжебаева Қазақстан Республикасының білім беру үдерісіндегі Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылу барысымен бөлісті (Алматы университеттерін мысалға ала отырып). Мөлдір болашақты қалыптастыратын және әлемді жақсы жаққа өзгертетін көрнекті өкілдер тобының бір бөлігі ретінде таңдалды.
Осы тамаша жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің магистранттымызды делегат ретінде таңдау біздің керемет әлеуетімізді көрсетеді және еліміздің атынан Тұрақты даму лигасына (Sustainable Development League) қатысу біз үшін үлкен мәртебе.