2023 жылғы 6 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасы "Teachers Lab" компаниясымен бірлесіп университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін "Тұрақты даму мүддесінде білім беру" тұжырымдамасын енгізу бойынша кіріспе тренинг өткізді.
ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., экология PhD, доцент Ж. Тилекова кафедраның мақсаты мен міндеттерімен, сондай-ақ кафедраның 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарларымен таныстырды.
Тренингке "Teachers Lab" ЖШС Бас директор С. Зейнолла шақырылды, ол профессор-оқытушылар құрамын тренингттен өту ережелерімен таныстырды.