2024 жылдың 19 ақпан - 1 наурыз аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «ЖОО оқытушыларын инклюзивті білім беруді іске асыруға дайындау» мәселесіне қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курс бағдарламасы жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, ЖОО оқытушыларында инклюзия құндылықтарын қалыптастыруға, жоғары білім беруде инклюзивтілік қағидаттарын ілгерілету құзыреттілігін меңгеруге, инклюзивтік практика негіздеріне оқытуға бағытталған.
Сабақтар аралас форматта өтті. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификат алды (80 сағат).