2023 жылдың 6 қарашасында қауымдастырылған профессор А.А. Алимбекова кафедраның жоспарыныа сәйкес «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Бала құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау технологиялары» пәні бойынша «Буллинг (кибербуллинг), факторлары және оны алдын алу технологиясы» тақырыбында эвристикалық элементттерімен ашық дәріс сабағын өткізді.
Эвристикалық элементтері бар дәрістің мақсаты дәріс барысында студенттерге міндет қойылады, олар өздері игерген білімге сүйене отырып, жаңа тақырып бойынша сұрақтардың тәуелсіз, логикалық негізделген шешімін табуы керек. Дәрістің осы түрін жоспарлау лектордан аудиторияның білімін ескере отырып, алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
А.А. Алимбекова дәріс барысында буллинг (кибербуллинг) шығу тарихын, әдіснамалық негізлерін, түрлерін, факторларын және оны алдын алу технологиясын түсіндірді. Студенттерге кері байланыс ретінде анимациялық слайдтар арқылы сұрақтар қойып, дұрыс жауаптар алды. Антибуллинг бағдарламасының авторы, Норвегияның Берген университетінің профессоры, психолог Д. Олвеустің «Буллинг» сауалнамасын Google Forms арқылы құрастырылған тесті ватсапқа жіберіп, жауап нәтижесін Led эранға шығарып, талдады. Дәрісте берілген жаңа сабақ материалдарын студенттер толық игергенін, кері байланыс кезінде анық байқалды. Студенттер алған білімдерін, үйренген технологияларын практикаларында толық қолдана алады деген сенімдеміз.