Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенттері АСБК-мен бірге құстар түрлерін зерттеу мақсатында экскурсия өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. АСБК (Е.Р. Ударцева) жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігін зерттеудегі бірегей мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.
Сондай-ақ, аталған экскурссия туралы студенттердің пікірлері мынадай: «Сайран көліндегі орнитологиялық экскурсиядан алған әсеріміз керемет! Біз байқауға болатын құстардың алуантүрлілігіне қуандық. Құстарды табиғи ортасынан бақылап отыра, керемет көріністер мен олардың әндерін, ұмытылмас атмосфераға тәнті болдық. Бұл экскурсия қызықты іс-шара ғана емес, сонымен қатар құстар әлемі туралы көбірек білудің тамаша тәсілі болды. Ұйымдастырушыларға осындай ұмытылмас тәжірибе үшін алғыс айтамыз!». «...Біз әртүрлі құстарды көріп қана қоймай, олардың мінез-құлқы, көші-қоны және көл эко жүйесі туралы көп нәрсені білдік. Бұл біздің білімімізді кеңейтіп қана қоймай, табиғатқа және оның тұрғындарына деген қызығушылықты арттырған қызықты тәжірибе болды.». «Біздің жолымыз болып, Сайран көліне экскурсияға қатысу мүмкіндігі бұйырды. Бұлтты ауа-райына қарамастан, күн қызықты және танымдық болды. Бұл экскурсияда біз құстардың түрлерін анықтауды үйрендік. Оларды морфологиялық белгілері бойынша, ән айту, ұяның струкурасы арқылы анықтауға болады . Экскурсия барысында біз 24 түрлі құстарды көре алдық. Олардың арасында тоқылдақ сияқты қызықты құс болды. Құстарды есепке алу ережелері ерекше қызығушылық тудырды. Біз далалық күнделікті қалай дұрыс толтыру, қандай деректерді түсіру керектігін және бұл деректерді құстарды зерттеу менқорғау үшін қалай пайдалануға болатынын білдік. Сайран көлінің қауырсынды тұрғындарымен танысуға және олар туралы көп нәрсені білуге мүмкіндік бергені үшін экскурсия ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіргім келеді».
Экскурсияға шығу уақыты 31.03.2024 ж.