2024 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы Қазақ университеті Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасында «6B01302 - Бастауыш білім беру бизнес инновациямен» мамандығының білім алушылары арасында «Білім беру саласындағы ең үздік startup» конкурсы өткізілді.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары - Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессор оқытушы құрамы: профессор Аренова А.Х.,
PhD, постдокторанттар Умирбекова А.Н., Жунусбекова А. Сонымен қатар, конкурс әділ бағасын беруге «SANA.BILIM» оқу орталығының директоры Джанкенова А. және танымал блогер, кәсіпкер Р. Қабден арнайы шақырылды.
Бастауыш білім беру кафедрасында 2020 жылдан бері «6B01302 - Бастауыш білім беру бизнес инновациямен» мамандығы ашылуына байланысты, бастауыш білім берудегі бизнес, кәсіпкерлік, жобалау бағытында сапалы негізде болашақ бастауыш білім педагогтерін даярлау жүргізілуде. Осының негізінде, аталған мамандық білім алушыларын қазіргі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бизнес жобаларды ұсынуда белсенділігін арттыру үшін арнайы конкурс ұйымдастырылуда.
Үздік startup конкурсының мақсаты - білім алушылардың өзіндік тың идеяларын ортаға салу, ұжымдық және топтық жұмыс негізінде инновациялық жоба бірегейлігін, білім беру жүйесіне әсер етудің өзекті мәселелерін көрсете алу дағдысын дамыту, жаңаша өзіндік бизнес модель ұсыну, конкурсқа қатысып тәжірибе жинақтау, болашақ жобалау қызметіне даярлықты жүргізуге бағытталған.
Үздік startup конкурсына жалпы «6B01302 - Бастауыш білім беру бизнес инновациямен» мамандығының 63 студенті, 30 командасы қатысты. Қатысушылар ортаға арнайы ережені ескеріп құрылған startup жобаларын ұсынды. Конкурс нәтижесінде жүлделі орын алған топтар арнайы І дәрежелі дипломмен (Иманғали Тоғжан, Балтабай Жасмин), ІІ дәрежелі дипломмен (Әділбек Ж., Кемпірбай Б., Абенова С., Жумабек О.), ІІІ дәрежелі дипломмен (Ерсұлтанқызы А., Утепбергенова А., Зинурова Ұ., Бақытбекқызы А., Даурен Ж., Дүйсебаева Ш., Берікқұлқызы А.) жеңімпаз атанған топтар марапатталды. Ерекше идеялармен көзге түскен топтарға арнайы номинациялар берілді, барлық қатысушыларға қатысқандығын растаушы сертификат тапсырылды.
Осы форматта ұйымдастырылған арнайы конкурстар студенттердің өз болашақ кәсібіне деген тұрақты қызығушылығын дамытып, үнемі өзіндік жетілдіруге ұмтылысын нығайтады деген ойдамыз.