Алматыда 2024 жылдың 28 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған БҰҰ Халықаралық ғылымының онжылдығы аясында «Коммуникацияның жаңа дәуірі: бірыңғай дауыс» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында ғалымдар 2023 жылы Халықаралық ғылыми кеңес шығарған «Ғылыми модельді өзгерту: тұрақты даму мүддесі үшін ғылыми миссияларға арналған Жол картасы» жол картасын аймақтық деңгейде іске асырудың әсері мен мүмкіндіктерін талқылады.
Аталған іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі Тілекова Жанна «Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру процесінде орнықты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбында баяндама жасады, ол баяндамасында университетте ТДМ іске асыру аясында өткізілетін негізгі іс-шараларды баяндады. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Германия және Франция университеттерінің ғалымдары қатысты.