Абай атындағы ҚазҰПУ Abai Honors College жобасын 2022 жылдан бастап пилоттық режимде жүзеге асыра бастады. Бұл бағдарламаның мақсаты - студенттерге қосымша бағдарлама мен кәсіби тәжірибелер базасын ұсына отырып, Қазақстанның мамандандырылған және халықаралық мектептері үшін білікті мұғалімдерді даярлау болып табылады.
Abai Honors College - Қазақстан жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет ұсынылған, талантты студенттерге арналған бірегей, түрлі мүмкіндіктер ұсынатын қосымша білім беру бағдарламасы.
Осы екі оқу жылы ішінде Abai Honors College жобасында студенттерге кәсіби және тұлғалық өсуіне бағытталған семинар-тренингтер, өз саласындағы жетекші мамандармен кездесулер, сайыстар, басқа да түрлі форматтағы іс шаралар кеңінен жүзеге асырылды және академиялық курстар жүргізілді.
Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан мен Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов Abai Honors College қосымша бағдарламасын толықтай игерген түлектерге сертификаттар табыстады.
Бітіруші түлектерге Abai Honors College жоба идеясының, авторларының бірі ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі Білімді дамытудың Ұлттық орталығының директор орынбасары Ш.Н.Нұрланов жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу соңында бітіруші түлектер Төрекелді Айхан, Арықбай Нұрай университеттің басшылығына және жоба жетекшілеріне Д.Н.Билялов, Ш.Н.Нурланов, М.А. Абсатоваға Abai Honors College ұсынған мүмкіндіктерге алғыстарын жеткізді (ИРН АР19677510).