Абай университетінің постдокторанты, химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ербол Тілеуберді 2024 жылдың 23-29 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Frontier Symposium of Engineered Science» халықаралық симпозиумға қатысты. Симпозиумды Назарбаев университеті мен Engineered Science Society (Инженерлік ғылым қоғамы, АҚШ) бірлесіп өткізді. Симпозиумда Ербол Тілеуберді «Petroleum coke-based carbon materials and their electrochemical characteristics» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара барсында «Engineered Science Society» басылымдарының «Engineered Science» журналында (журналдың скопус базасындағы процентилі 98) өткен жылы жарияланған «Rice Husk as a Source for Lightweight Flameless Heat-Energy Carbon Briquettes» атты мақаласы үшін Ербол Тілеуберді «үздік мақала жүлдесі (Best Paper Awards)» сертификатын алды.