2024 жылдың 24 маусымында Абай университетінде Тәшенев университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға университтің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов және Тәшенев университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын қатысты. Кездесудің мақсаты студенттердің мәдени және әлеуметтік-шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шара барысында екі тарап ел мәдениетін дамыту саласында тиімді байланыс орнатуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық ұлттық құндылықтарды дамыту, студенттердің шығармашылығын, белсенділігін арттыру және инновациялық идеяларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты көздейді. Сондай-ақ, қазақ мәдениетін ілгерілетуді ынталандыруға, сондай-ақ бірлескен бұқаралық мәдени бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған басымдықтарды іске асыру жоспарлануда.
Меморандум аясында сенімділік қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты қолдау жүйесі әзірленді. Тараптардың ынтымақтастығы мәдени байланыстарды нығайтуға және жастар арасында патриотизмді дамытуға ықпал етеді.
Кездесу соңында қатысушылар мәдени іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру азаматтардың бойында патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.