«Елдің зияткерлік әлеуеті» Ұлттық ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Жаратылыстану ғылымдары» ғылыми бағыттары бойынша 7 жобаны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары ұтып алғанын қуана хабарлаймыз.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз:
1) Мырзалы Назира, AP22687086 «Мектептегі география курсында геосаясатты оқытудың әдістемелік негіздерін әзірлеу» жобасы;
2) Стамбекова Жазира, AP22685979 «Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамыту» жобасы;
3) Советканова Дамира, AP22686317 «Ресми және бейресми білім беру интеграциясы жағдайында магистранттардың дәрежелерін өсіру (Stackable degree) моделін жасау» жобасы;
4) Молдағали Мадина, AP22685804 «Поэзияны зерттеуге арналған цифрлық платформаның интеграциялық әлеуеті» жобасы;
5) Бутеев Бактияр, AP22688129 «Абайдың ғақлиясын жаңаша пайымдау және орыс тіліне тәржімелеу» жобасы;
6) Утепова Дания, АР22682939 «Осьтік симметриялы гравитациялық өрістердегі орбиталық серіктердің (сынақ денелерінің) қозғалысы кезіндегі жалпы релятивистік эффекттерді зерттеу» жобасы;
7) Абдираманов Жанарс АР22683307 «Капуто бөлшек дифференциалдау түріндегі жады бар гиперболалық типті аралас есептерді шешудің сандық әдістерін құру» жобасымен.
Жас ғалымдарымызды құттықтаймыз және оларға одан әрі жетістіктер мен табыстар тілейміз!