2023 жылғы 19 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты «Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары бірлесіп «Ауызашар» дастарханын ұйымдастырды. «Ауызашар» кешіне қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырушы, Алатау ауданы «Дәстүрге жол» ұйымының басшысы А.Кенжебекқызы; Қазақ телевизиясының ардагері, тележурналист, жазушы К.К.Барманбекова; ұстаз-ардагер, қоғам белсендісі Н.Нурманбетова; «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының төрайымы Б.Ахметқызы; ұстаз, қоғам белсендісі, Отбасы құндылығының лекторы Қ.Пернебайқызы қатысты.
Кешті ұйымдастырушы және жүргізуші - кафедраның аға оқытушысы К.Бейсекенұлы. «Ауызашар» қонақтары Оразаның құндылықтарын, қыз тәрбиесіне қатысты бағалы, өзекті, тәрбиелік маңызы бар пікірлерін ортаға салды. Кеш дөңгелек үстелге айналып, студенттер ұстаз-ардагерлерге сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Тәрбиелік мақсатта ұйымдастырылған «Ауызашар» қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.