Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінның Педагогика және психология институты «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11 наурыз күні 2-3 курс білім алушылары арасында «Үздік студент» ПжПИ-2021» конкурсы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты - оқуда, студенттік өзін-өзі басқару ұйымында, спортта, шығармашылықта және басқа да қызмет салаларында өзін белсенді көрсеткен институт білім алушыларын анықтау және көтермелеу. Байқауға институтымыздың белсенді білім алушылары қатысты. Олар:
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 3-ші курс студенті - Әлімжан Шырын;
- Психология 3-ші курс студенті - Даулеткалиева Эльмира;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2-ші курс студенті- Жолай Әсем;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 3-ші курс студенті - Иса Үкілім;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2-ші курс студенті - Кусаинова Акмарал;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2-ші курс студенті - Мамажанова Алуа;
- Психология 3-ші курс студенті - Мырзаева Жансая;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 2-ші курс студенті - Пахрадинова Айкерім;
- Психология 2-ші курс студенті - Сенсенбай Индира;
- Дефектология 2-ші курс студенті - Уласканова Гүлім;
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 3-ші курс студенті - Халмахан Айнұр.
Студенттер арасында конкурс үш кезеңде өткізілді.
I кезеңге өтінім берген 20 студент арасынан іріктеліп 11 студент келесі кезеңге жіберілді. II кезеңнің бірінші конкурсы бойынша «Мен үздік студентпін» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, екінші конкурсы «My creative University» жобасы (Болашақта институтымыздың одан әрі дамуына қандай үлес қосуға болады?) қорғалды. III кезең «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап сайысында қамтылған мәселелер:- Тәуелсіздігімізге 30 жыл;
- Университетіміздің тарихы;
- XXI ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?
- ХХІ ғасыр студенті қандай болуы керек?
- ХХІ ғасыр мектебінің мұғалімі қандай болуы керек?
Конкурс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Үздік студент» ПжПИ-2021 атағын Мырзаева Жансая иеленді. II дәрежелі дипломмен Әлімжан Шырын марапатталды. III дәрежелі дипломға Даулеткалиева Эльмира ие болды.
12.03.2021