Нұрсұлтан мен Алматыда көп балалы отбасылардан шыққан талапкерлер мен АӘК алушыларға арналған қосымша білім беру гранттарының иегерлері анықталды.
Гранттар алуға өтініштер мен құжаттар бір уақытта бүкіл Қазақстан бойынша – 5-10 тамыз аралығында қабылданды. Олар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді.
Қосымша грантқа ие болған Нұр-Сұлтандық талапкерлердің тізімі елордалық білім басқармасының сайтында жарияланған. Гранттарды 47 адам алды. Олар бес университетте білім алатын болады. Олардың ішінде:
- Еуразия гуманитарлық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша – 1 грант;
- Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша – 8 грант;
- «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша Астана IT университеті – 11 грант;
- «Астана» халықаралық университеті «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша – 10 грант);
- Алматы Менеджмент Университеті, «Мейрамханалық бизнес және қонақ үй бизнесі» мамандығы – 17 грант.
Алматыдан қосымша грант иегерлерінің тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланған.
«Байқауға 129 талапкер қатысып, оның 102-сі грант иегері атанды», – делінген хабарламада.
Студенттер Алматыдағы сегіз жоғары оқу орнында білім алатын болады. Олардың ішінде:- Еуразиялық технологиялық университеті – 3 грант;
- Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті – 1 грант;
- Қазақ-Британ техникалық университеті – 6 грант;
- Халықаралық бизнес университеті – 1 грант;
- Алматы технологиялық университеті – 7 грант;
- Қазақ спорт және туризм академиясы – 11 грант;
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті – 1 грант;
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – 11 грант;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 12 грант;
- Алматы энергетика және коммуникация университеті – 6 грант;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 29 грант;
- Алматы Менеджмент Университеті – 13 грант;
- Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты – 1 грант.
Маусым айында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет көп балалы отбасы балалары мен АӘК алушылар үшін қосымша 5 мың грант бөлетінін хабарлады.
23.08.2019
Источник: informburo.kz