2020 жылдың 25 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтында «Түлектердің табыс тарихы» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Іс-шараны Институттың Мансапты дамыту бөлімі ұйымдастырды.
Кездесуге келесі түлектер шақырылды:
- Нұрлыбаева Жамал – К. Ушинский атындағы №7 мектептің директоры, Алматы облысы, Талдықорған қаласының мәслихат депутаты;
- Тайкенов Манас – Алматы қаласындағы К. Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның директоры;
- Рахимова Ақжами – «Алматы зоологиялық бағы» мемлекеттік кәсіпорнының Даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы;
- Бекбаева Гүлзель – Platinum Travel Kazakhstan ЖШС туристік компаниясының директоры.
Кездесуге институтымыздың оқытушылары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Қонақтар өздерінің мансап жолындағы жетістіктері туралы айтып, институттағы студенттік шақтарын еске алды, ұстаздарын құрметпен еске алып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барлық қатысушылардың есінде жарқын әрі әсерлі іс-шара ретінде қалды.