2021 жылдың 24 қазанында «Ресторан және қонақ үй бизнесі» мамандығының 2 және 3 курс студенттері үшін «Горельник» келушілер орталығына және таудағы «Апа Катя» кафесіне экскурсия-лекция ұйымдастырылды. Бұл ерекше шара барысында студенттер жаңа демалыс орындарымен танысып, табиғаттағы кафенің тарихын зерттеп, оның мәзірімен танысты. Сондай-ақ, олар сұрақтар қойып, туризм саласының дамуы, елдегі қызмет көрсету жайлы пікір алмасты, гастрономиялық туризм тақырыбында әңгімелесті және шарадан көңілі толды. Экскурсиялық лекцияны Табиғат және география институтының оқытушысы Ел-Дана Сұраншиева ұйымдастырды.