2022 жылғы 2 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының Дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушылары Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы А. Байсалбаев атындағы орта мектептің 11 (5 ұл, 6 қыз) жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына арнап іс-шара өткізді.
Кафедра меңгерушісі Рүстем Қамшат, оқытушылар Мамырбаев Дидар және Сейітқазиев Руслан кафедра ұжымы атынан балаларға сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін білдірді.
А. Байсалбаев атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Булгакова және ұстаздар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының Дүниежүзі тарихы кафедрасының ұжымына алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады. Мұндай шараларды дәстүрлі түрде өткізу туралы шешім қабылданды.
Қазақстанның балалары мен болашақ ұрпағы аман-сау, дені сау болғай!