2020 жылғы 25 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасы «Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру және үйлестіру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Құқықтану кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Almaty Management University (AlmaU), Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматы филиалы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқық, психология және қолданбалы информатика мамандықтарының студенттері мен магистранттары қатысты.
Талқыланған мәселелер:
Сыбайлас жемқорлық — әлеуметтік құбылыс ретінде
Құқықтық мемлекет дамуының факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибесі
Жастар — сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Сыбайлас жемқорлықтың психологиялық аспектілері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі шетелдік тәжірибе
Іс-шараны қауымдастырылған профессор А. М. Сералиева мен аға оқытушы А. Н. Қазиева ұйымдастырды, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Е. А. Бүрібаевтың қолдауымен өтті.
Баяндамашылар:
А. Е. Ашкеева — ҚР Бас көлік прокурорының көмекшісі
Ж. А. Мақзұмова — ҚР ҰҚК полковнигі
Ж. Б. Шаяхметова — қауымдастырылған профессор
Г. Б. Ниятбаева — қауымдастырылған профессор