2021 жылғы 22 сәуірде «Ғылым айы – 2021» аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен (жауаптылар: А. Р. Бижанова, Е. П. Кенжібекова) онлайн форматта «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы» атты ғылыми семинар өтті.
Семинарды Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Е. А. Бүрібаев ашып, құқықтық саясат тұжырымдамасының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Содан кейін келесі баяндамалар тыңдалды:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Б. А. Жетпісбаев – «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы аясындағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс»
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Б. Х. Төлеубекова – «Қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы тұжырымдамалық басымдықтар»
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Б. А. Тайтоибекова – «Қылмыстық іс жүргізу кодексі»
Б. А. Тайторина – «Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»
Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры А. Р. Бижанова – «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясат»
Іс-шара баяндамаларда көтерілген мәселелер бойынша құқықтанушы ғалымдар арасында пікір алмасумен аяқталды.