2021 жылғы 1 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасы Алматы қаласының Әділет департаменті қызметкерлері мен кәсіпкерлердің «Құқықтану» мамандығының студенттерімен кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында Алматы қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебулан Жетпісбаев және осы бөлімнің жетекші мамандары Ерлан Шайхадинов, Яна Мұқанова және Алмас Бекботаев зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тақырыбында дәріс оқып, осы саладағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Отандық «Шұғыла» брендінің иесі, кәсіпкер Айгерім Алмабаева студенттерге жеке бренд құру, оны тіркеу және қорғау бойынша өз тәжірибесін баяндады.
Кездесуді Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Б.М. Көшпенбетов қорытындылап, болашақ заңгерлерді даярлауға қосқан үлестері үшін қатысушыларға алғыс айтып, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.