Тәуелсіз Қазақстанның еріктілік қызметі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, жастарды қоғамға жанқиярлықпен қызмет етуге тарту арқылы адамзаттық құндылықтарды нақты істер арқылы нығайтуға бағытталған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында, 2021 жылғы 12 қарашада «Мейірім» клубы «Жастар волонтерлігі: құқықтық және рухани қырлары» тақырыбында дөңгелек үстел форматында онлайн пікірталас ұйымдастырды.
Іс-шара «Мейірім» клубының адамгершілік қағидаттарына негізделе отырып өтті, өйткені еріктілік қызметінің құндылықтық бағыты – сананы жаңғыртудың көрінісі болып табылады.
Пікірталас онлайн форматта өтті. Модератор – «Мейірім» волонтерлік клубының жетекшісі Гүлбахира Шірінбаева. Оған 6B01801 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс волонтер-студенттері қатысты.
Пікірталаста Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңы аясында волонтерлік қызметті құқықтық реттеу, қолдау шаралары және волонтерлік қозғалысты дамытудың болашағы жөнінде мәселелер қаралды.
Пікірталас қатысушылардың диалогы, нақты жағдайларды талдау, рөлдік ойын элементтері, топтық жұмыс, ережелер мен бірлескен талқылау рәсімдерін сақтау түрінде өтті. Бұл пікірталаста екі түрлі жағдай пайдаланылды:
Топ ішінде орын алған жағдайлар;
Кәсіби тәжірибеден немесе жеке өмірден алынған оқиғалар.
Презентациялық бейнеролик және мәселелерді талқылау «эстафета» әдісі арқылы жүзеге асырылды. Бұл әдіс бойынша топтық және шығармашылық жұмыс жүргізу қатысушыларға ақпараттық, шығармашылық, эмоциялық қырларды қамти отырып, объективті қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында студенттер тақырып бойынша нақты мәселелерге байланысты қорытындылар жасап, нәтижелерді талдады. Кері байланыс алу үшін қатысушылар өздерінің бұрын жасаған жақсылық істерін қағазға жазып, «Мейірімділік ағашына» жапсыру арқылы оны «өсірді».
Пікірталаста адамзаттық құндылықтарды айқындайтын құқықтық және рухани қырларды қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері бірауыздан қолдау тапты. Сонымен қатар, жастардың күнделікті өмірінде ой, сөз және істің бірлігін жетілдіру қағидаттарын дамыту ұсынылды.