2022 жылғы 9–18 қазан аралығында Кореяның Гоянг қаласында өткен WorldSkills-2022 (WorldSkills Competition 2022 Special Edition) халықаралық кәсіби шеберлік байқауына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтының Білімді информатикаландыру және информатика кафедрасының 1-курс докторанты Бақытбекова Жансая қатысты.
Ол WorldSkills Kazakhstan чемпионатында «3D сандық ойын графикасы» (3D Digital Game Art) құзыреттілігі бойынша бас сарапшы ретінде танылып, WorldSkills-2022 байқауының қорытындысы бойынша халықаралық сарапшы атағына ие болды.
WorldSkills байқауы – екі жылда бір өтетін жаһандық кәсіби шеберлік жарысы, ол жас мамандарға өз білімін мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.