2022 жылғы 4 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында, Білімді информатикаландыру және информатика кафедрасының базасында шақырылған ғалым — Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Білімді информатикаландыру кафедрасының доценті, Ресей білім академиясының Коррекциялық педагогика институты директорының орынбасары Александр Вадимович Гриншкунның дәрісі өтті. Дәрістің тақырыбы — «Білім берудегі иммерсивті технологиялар».
Лекциядан кейін А. Гриншкун Білімді информатикаландыру және информатика кафедрасының меңгерушісі Н. Т. Ошанова, Халықаралық ғылыми-зерттеу ИКТ зертханасының жетекшісі Е. Ы. Бидайбеков және зертхана қызметкерлері М. И. Ревшенова, Е. Жабаев, Қ. Беделовпен бірге Педагогика және психология институтының директоры Г. А. Абаевамен кездесті. Кездесу барысында коррекциялық педагогиканы цифрландыру және болашақ ғылыми жобалар бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Шақырылған ғалымның магистранттар мен PhD докторанттарға арналған дәрістері 2022 жылғы 4–8 қазан аралығында өтеді.
Барлық қызығушылық танытқандарды қатысуға шақырамыз!